Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      24°C
Ру

МӘМС қорынан миллиардтаған теңге заңсыз алынған: 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото көзі: : Ulysmedia коллажы
ZontNews.kz
Там. 3, 2026, 11:08 Т.Ж.

Қаржылық мониторинг агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (МӘМС) заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Ведомство мәліметінше, шамамен 140 мың азамат медициналық ұйымдарға жалған тіркеліп, көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізілген. Осылайша МӘМС қорынан заңсыз төлемдер алынған.

Қазір осы фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нұсқасына сәйкес, МӘМС аясында бөлінген қаражат қызмет көрсетпеген және тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған. Келтірілген шығын 501 млн теңгеден асып, екі күдікті қамауға алынған.

Астанада «Forte Clinic» ЖШС-нің басшысы МӘМС қорынан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы – Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды заңсыз тіркегені үшін 3 жылға сотталды. Қылмыстық схема арқылы клиникаға 15 мыңнан астам адам заңсыз тіркеліп, «Damu Med» жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген.

Алматы облысында «Mydental.kz» ЖШС мен «Стоматология Dr. Nurzhanova» ЖШС клиникаларының басшысы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында 4,5 мыңнан астам жалған стоматологиялық қызмет көрсету фактісі анықталып, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз