Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    14°C
    • Астана
      17°C
Ру

Ұлытауда 36 шенеунік жұмыстан босатылды

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 30, 2026, 2 Т.Қ.
0
20

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды, деп хабарлайды ZontNews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде 10 басшының букмекерлік компанияларда бәс тіккені белгілі болған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер жұмыстан босатылды.

Ведомство өкілдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынатынын еске салды. Бұл талап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтау мақсатында енгізілген.

Прокуратура мұндай заңбұзушылықтар тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз