Дүйсенбі, 23 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    17°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Құлсарыдағы мектептегі шабуылдан кейін директор қызметінен кетті

Фото көзі: Видеодан скриншот
ZontNews.kz
Ақп. 9, 2026, 9:15 Т.Ж.
0
35

Құлсары қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №6 мектептің директоры қызметінен босатылды. Бұл шешім мектеп ішінде болған оқиғадан кейін жүргізілген қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Атырау облыстық білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда мектеп басшысына қатаң сөгіс жарияланған. Ал келесі күні ол өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, өтініш бірден қанағаттандырылған.

Еске салайық, аталған мектепте 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдасып, балтамен оқушыларға шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан екі жасөспірім жеңіл жарақат алды. Ақпарат полицияға сол күні түскен.

Күдікті оқушы жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және профилактикалық есепке алынды. Аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз