Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

Әлеуметтік зерттеу: сайлауға қатысуға ниеттілер саны 75,6%-ға жетті

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 7, 2026, 3:25 Т.Қ.

DATAmetrics компаниясы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 75,6 пайызы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген, деп хабарлайды ZontNews.kz.

2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 мың адам қатысқан. Зерттеу бетпе-бет сұхбат (face-to-face) форматында жүргізілді.

Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 87,8 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Ал Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, қатысушылардың 44,2 пайызы міндетті түрде дауыс беретінін, 31,4 пайызы сайлауға баруы мүмкін екенін айтқан.

Партияларға қолдау деңгейін анықтау барысында «Әділет» партиясы 54,2 пайызбен көш бастады. Одан кейін «Ауыл» партиясы – 7,3%, «Ақ жол» – 4,6%, Respublica – 3,4%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 2,4%, Қазақстан Халық партиясы – 2,1%, «Байтақ» партиясы – 1,1% көрсеткішке ие болды. Ал респонденттердің 2,3 пайызы «Барлығына қарсымын» деген жауапты таңдаған.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 22,6 пайызы әлі қай партияға дауыс беретінін шешпеген. Зерттеу 95 пайыздық сенімділік деңгейімен жүргізіліп, статистикалық қателік шегі ±1,1 пайызды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз