Леңгірде әйелге қатыгез шабуыл жасалды
Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Леңгір қаласында соққыға жығылған әйел туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, бетперде киген бірнеше адам түнде жеке тұрғын үйге басып кіріп, әйелге күш қолданған. Жәбірленушінің денесі көгеріп, беті жарақаттан ісіп кеткен. Этикалық себептерге байланысты оқиға орнында түсірілген суреттер жарияланбайды.
Түркістан облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, белгісіз адамдар тұрғын үйге заңсыз кіріп, әйелге дене жарақатын салған. Сондай-ақ оның ұялы телефонын тартып алған.
Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған кешенді тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Қылмыстық істің тергелу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз