Құрылыс нысандарын пайдалануға жаңа талаптар енгізілді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен құрылыс нысандарын пайдалануға байланысты қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын жаңа талаптар бекітілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Құжатқа сәйкес, құрылыс нысанын пайдалану туралы шарт тек белгіленген талаптарға сай келетін кәсіпкерлермен немесе ұйымдармен жасалуы тиіс.
Атап айтқанда, ұйым немесе жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару» (ЭҚЖЖ 68.32) қызмет түрі бойынша тіркелуі қажет.
Сонымен қатар, штатта немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде кәсіби стандарттарға сәйкес келетін, танылған біліктілігі бар кемінде бір маман болуы міндетті.
Жаңа талаптарда материалдық-техникалық базаға да ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, құрылыс нысанын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған кеңсе болуы тиіс. Сондай-ақ нысанды күтіп ұстауға қажетті жабдықтар мен құралдар қарастырылуы немесе мұндай қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттар жасалуы қажет.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз