Құрылтайдың 145 депутаты ресми тіркелді
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың 145 депутатын тіркеді. 2026 жылғы 27 тамыздан бастап олардың депутаттық өкілеттігі ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысында мәлім болды. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, депутаттардың өкілеттігі ОСК-да тіркелген сәттен басталатынын айтты.
Нұрлан Әбдіров жаңадан сайланған депутаттардың енді заң шығару билігін жүзеге асыратын еліміздің жоғары өкілді органы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының мүшелері екенін атап өтті.
Оның сөзінше, Құрылтай депутаттары төте сайлау құқығы негізінде сайланған. Сайлау науқанының барлық кезеңі заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. ОСК төрағасы депутаттық мандат халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі екенін айтып, жаңа мәртебе ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілікті жүктейтінін жеткізді.
Отырыс барысында жаңадан сайланған депутаттарға олардың өкілеттігін растайтын куәліктер мен арнайы төсбелгілер табысталды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз