Құрылтай үш органның құрамын мақұлдады
Құрылтайдың жалпы отырысында Конституциялық Соттың судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Конституцияның 56-бабына сәйкес аталған лауазымдарға кандидаттарды тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет екенін айтты. Ол Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттардың тізімін жариялады.
Конституциялық Сот судьялығына ұсынылғандар:
- Сәкен Абдолла
- Қайрат Жақыпбаев
- Ләйла Жақаева
- Айжан Жатқанбаева
- Айгүл Қыдырбаева
- Қанат Мусин
- Бақыт Нұрмұханов
- Сергей Скрябин
- Аслан Түкиев
- Сергей Ударцев
Құрылтай бұл кандидаттарды Конституциялық Сот судьялары қызметіне тағайындауға келісім берді.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылғандар:
- Азамат Айманақұмов
- Михаил Бортник
- Мұхтар Ерман
- Әсел Жанәбілова
- Ләззат Сүйіндік
- Шавхат Өтемісов
Құрылтай аталған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қызметіне тағайындауды мақұлдады.
Жоғары аудиторлық палатаның мүшелігіне ұсынылғандар:
- Бақыт Әбілдинов
- Рахымжан Ділдаев
- Амангелді Есенов
- Ғабиден Жақсылықов
- Руслан Мелдебеков
- Нұрлан Нұржанов
- Ардақ Теңгебаев
- Юлия Энгель
Құрылтай Президентке бұл кандидаттарды Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындауға келісім берді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз