Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      22°C
Ру

Құрылтай сайлауына 546 кандидат ұсынылды

Фото көзі: : Matritca.kz
ZontNews.kz
Шілде 16, 2026, 5:22 Т.Қ.

Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттығына жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидаттың тізімі ұсынылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Үміткерлер қатарында бұрынғы депутаттар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, заңгерлер, педагогтар, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері, блогерлер мен өнер өкілдері бар.

Ең көп кандидатты ӘDILET партиясы – 186 адамды, ал ең азын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы33 адамды ұсынды. Сонымен қатар Respublica – 76, Қазақстанның Халық партиясы – 72, «Ауыл» – 69, «Ақ жол» – 63 және «Байтақ» партиясы 47 кандидатты тіркеуге ұсынды.

Партиялық тізімдерге танымал саясаткерлермен қатар мемлекеттік қызметкерлер, бизнес, білім, медицина, мәдениет және спорт саласының өкілдері енгізілген. Енді кандидаттарды тіркеу рәсімі заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз