Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Құрылтай депутаттарының жалақысы белгілі болды

Фото көзі: : Ж.Жумабекова
ZontNews.kz
Қыр. 10, 2026, 4:27 Т.Қ.

Құрылтай депутаттарының айлық жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте төраға орынбасары Дания Еспаева айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Дания Еспаеваның сөзінше, депутаттың еңбек өтілі болған жағдайда оның айлық табысы 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Депутаттың еңбек өтіліне байланысты айлығы 1 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін», – деді ол.

Депутат әдеп нормаларын бұзған жағдайда бір күндік ұсталым мөлшері оның айлық жалақысы негізінде есептеледі.

Мәселен, айына 600 мың теңге алатын депутаттың бір күндік табысы шамамен 29 мың теңгені құрайды. Ал жалақысы 1 млн теңге болса, бір күнге есептелетін сома 48 мың теңгеге жуықтайды.

Бұған дейін Құрылтайда заң жобаларының басым бөлігі үш оқылымда қаралатыны хабарланған еді. Сондай-ақ әдеп талаптарын бұзған депутаттарға қолданылатын шаралар белгілі болды.

Жаңа тәртіп бойынша Құрылтай депутаттарына отырыс кезінде жақындарын туған күнімен құттықтауға да тыйым салынған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз