Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Құрбан айт кең көлемде аталып өтеді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 19, 2026, 8:41 Т.Ж.

Биыл Құрбан айт мерекесі елімізде ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасып, кең көлемде ұйымдастырылады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Аlmaty.tv телеарансына сілтеме жасап. Мереке күндері республика бойынша түрлі рухани-мәдени іс-шаралар өтіп, мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айтты ұлттық киім киіп, ата дәстүрге сай атап өтуге шақырды. Сонымен қатар мереке аясында араздасқан жандарды татуластыруға бағытталған «Айт – татулық мерекесі» акциясы өтетіні айтылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалудың шариғат талаптарын да еске салды. Құрбандық мал айт намазынан кейін сойылуы тиіс. Шариғат бойынша қой мен ешкі бір жастан асқан, сиыр екі жасқа толған, ал түйе бес жаста болуы қажет. Сондай-ақ құрбандыққа шалынатын малдың дені сау әрі кемшіліксіз болуы шарт.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт 27 мамырда басталады. Бұл күн ресми демалыс болып белгіленген. Ал 26 мамыр – Арапа күні.

«Құрбан айт – тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылық пен жанашырлықты дәріптейтін рухани мейрам. Осыған орай ел кәсіпкерлерін Құрбан айт кезінде мал бағасын негізсіз көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеруге және күнделікті тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын», – деді Бас мүфти.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз