Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда сатылды
ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы электрондық аукцион арқылы сатылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
4 қарашада сауда алаңына жалпы құны 520 миллион теңгеден асатын 42 қымбат бұйым қойылды. Тізімге брендтік сағаттар, зергерлік әшекейлер мен люкс аксессуарлар енгізілген.
Сауда нәтижесінде тек бір лот сатылды. Ол – болаттан жасалған, сабы геометриялық өрнекпен безендірілген қынаптағы самурай қылышы. Қылыш 542,7 мың теңгеге өтті.

Бұған дейін Астанадағы Кәрім Мәсімовтің вилласын тінту кезінде қару-жарақ, антиквариат, алтын құймалар, қымбат сағаттар, картиналар және өзге де бағалы заттар табылған еді. Аумағы 2,9 мың шаршы метр болатын үйде бассейн, сауна, дискобар, караоке және жеке сахна болған. Сонымен қатар вилладан миллиондаған доллар мен бизнес-класстағы 11 көлік табылған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз