Қостанайдағы автосервис жарылысына қатысты сот үкімі шықты
Қостанайда көлік жөндеу орталығында болған жарылысқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ZontNews.kz. Almaty.tv. арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсанында Амангелді тұрғын үй алабында болған. Жарылыстан кейін ғимарат опырылып, үш адам қаза тапты, бірнеше адам ауыр жарақат алды.
Соттың анықтауынша, апатқа техникалық тексеру мерзімі өтіп кеткен газ жабдығы орнатылған көлік себеп болған. Осыған байланысты ғимарат иесі кінәлі деп танылды.
Алайда қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, сот оны жазадан босатты.
Сонымен қатар сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын қанағаттандырып, олардың пайдасына 30 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп берді.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылғанымен, талап қою мерзімінің аяқталуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз