КҚК-ға шабуылды құптағандар тергеледі
Астанада Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына зақым келтіруді жақтап, жария мәлімдеме жасаған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов депутат Айдос Сарымның сауалына берген ресми жауабында хабарлады.
Елордалық полиция департаменті аталған істі 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (ұлттық араздықты қоздыру) бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу органдары мұндай мәлімдемелерді таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтау және дәлелдемелер жинау шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әрбір іс-әрекетке құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
«Бас прокуратура бұған дейін де жалған ақпарат пен өзге де құқыққа қайшы материалдарды, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға жол берілмейтіні туралы ресми ескерту жасаған болатын. Мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған» – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар мәдениет және ақпарат министрлігі де БАҚ және өзге де байланыс арналары арқылы депутаттық сауалда көтерілген мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын қолға алды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз