«Келешек»: балалардың шотына қаржы аударылады
«Келешек» бағдарламасы аясында 15 085 баланың AQYL білім беру депозитіне бастапқы капитал түседі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қаражат 2026 жылдың алғашқы жартысында бес жасқа толған балаларға жақын күндері аударылады. Депозиттерге жалпы сомасы 3,9 млрд теңге түседі. Ал екінші жартыжылдықта бес жасқа толатын балалар төлемді 2027 жылғы ақпанда алады.
«Отбасы банкінің» мәліметінше, жыл қорытындысында 29 099 балаға 7,5 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бастапқы капиталды сақтау үшін ата-аналар баласы кәмелетке толғанға немесе оқу орнына түскенге дейін депозитті жыл сайын толықтыруы керек. Биылғы ең төменгі жарна – 103 800 теңге. Әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін – 51 900 теңге. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға міндетті жарна талап етілмейді.
AQYL депозитіне банк сыйақысы және 5–7 пайыз көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы қосылады. Бала 18 жасқа толғанда жинаққа «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасындағы қаражатты да пайдалануға болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз