Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      18°C
Ру

ҚазТАГ пен Freedom Finance арасындағы сот: өтініштер қаралды

Фото көзі: Коллаж Ulysmedia Подробнее на: https://ulysmedia.kz/news/63842-ugolovnoe-delo-vozbudili-protiv-rukovodstva-redaktsii-kaztag/
ZontNews.kz
Маусым 29, 2026, 4:16 Т.Қ.

29 маусымдағы сот отырысында «ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Қасеновтің адвокаты Ақромат Мұхтаров қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауын өткізуді және істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Алайда судья Ернар Қасымбеков бұл өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Одан кейін жәбірленуші тараптың адвокаты сот отырысын жабық режимде өткізуді сұрап, іс материалдарында банк шоттары мен қаржылық құпияға қатысты мәліметтер бар екенін алға тартты. Алайда айыпталушылардың қорғаушылары бұл уәжбен келіспей, сот процесінің жариялылығы сөз бостандығы қағидаттарына сай сақталуы тиіс екенін мәлімдеді.

Прокурор сот отырысын толық емес, тек коммерциялық немесе банк құпиясына қатысты материалдар қаралатын кезеңдерде ғана жабық өткізуді ұсынды. Судья бұл мәселені кейінірек қарауға шешім шығарып, әзірге сот отырысын ашық режимде жалғастыру туралы қаулы қабылдады.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда «ҚазТАГ» директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген болатын. Кейін Әсет Матаевқа қатысты іс тоқтатылса, Әмір Қасенов жуырда үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Іске кәсіпкер Тимур Турлов жетекшілік ететін Freedom Finance компаниясының шағымы негіз болған. Компания «ҚазТАГ»-тың өзіне қатысты жариялаған мақалалары мен бейнематериалдарын шындыққа сәйкес келмейді деп есептейді. Ал «ҚазТАГ» бұл істі редакцияға жасалған қысым ретінде бағалап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз