Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген антициклонның ықпалымен жауын-шашын тоқтап, күн салқындайды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс пен солтүстік-батыста болжамды кезең бойы, ал 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстігі, шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның шығысында, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы ықтимал.
Түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Солтүстік пен шығыста болжамды кезең бойы, ал 27–28 қыркүйекте солтүстік-батыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы төмендеп, 1–3 градус үсік жүреді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз