Қазақстанға Қытай азаматтарының көші-қоны күрт көбейді
2026 жылдың алғашқы үш айында Қытай елінен Қазақстанға қоныс аударатындар саны күрт өскен. Бұл туралы ZontNews.kz. Data Hub сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, қаңтар–наурыз айларында Қазақстанға тұрақты тұруға Қытайдың 1 260 азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш еседен астам жоғары көрсеткіш.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жоғары көші-қон деңгейі кемінде соңғы тоғыз жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен тоқсандық статистикада көрсеткіштердің жиі құбылуы қалыпты құбылыс екені атап өтілді.
Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келгендер саны жөнінен үшінші орынға шықты. Екінші орында тұрған Ресей елінен 1 265 адам келген. Ал көш басында Өзбекстан тұр – бұл елден 2 275 адам қоныс аударған.
Мәліметке сәйкес, Қытайдан келгендердің 99,5 пайызы – этникалық қазақтар. Олар көбіне Астана, Алматы қалаларына, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарына қоныстанған.
Иммиграциялық статистикаға тұрақты тұратын елін ресми түрде ауыстырған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар енгізіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз