Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстанға Иордания мен Тәжікстан президенттері келеді

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Қар. 5, 2026, 3:33 Т.Қ.

5-7 қараша аралығында Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла мен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ZontNews.kz 

5-6 қарашада Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Ал 5-7 қараша күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми сапары өтеді. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелері қаралады.

Сондай-ақ 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшылары қатысатын Ақаба процесінің саммиті өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз