Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

Қазақстандық жүргізуші куәлігі БАӘ-де ресми түрде мойындалады

Фото көзі: ; Қазақстан ІІМ-нің ресми сайты
ZontNews.kz
Маусым 26, 2026, 3:40 Т.Қ.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ZontNews.kz. Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Әбу-Дабиге жұмыс сапары барысында БАӘ Премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен өткен кездесуі кезінде қол қойылды.

Меморандум екі елдің ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды және құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. Келісім тараптар барлық қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

ІІМ мәліметінше, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың қазақстандық барады. Сонымен қатар бұл елде 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрақты тұрады. Жаңа келісім олардың жүргізуші куәліктерін пайдалану рәсімін едәуір жеңілдетеді.

Кездесу барысында тараптар құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, қылмыскерлерді іздестіру, жедел ақпарат алмасу, заманауи технологияларды енгізу және кадр даярлау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтуге уағдаласты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз