Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Қазақстанда жаңбыр жауып, аптап сақталады

Фото көзі: : pexels.com
ZontNews.kz
Там. 25, 2026, 11:40 Т.Ж.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей аймақтарда нөсер жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде күн ыстық әрі көбіне жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада жауын-шашын болмайды, күндіз ауа температурасы 24–26 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал. Күндіз 26–28 градус жылы болады. Қаланың таулы аудандарында нөсер жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз 31–33 градус ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында да күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Батыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Соған қарамастан күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Атырау облысында 38, ал Маңғыстау облысында 42 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер, бұршақ және қатты жел күтіледі. Шығыс Қазақстанда жел екпіні секундына 25 метрге, Абай облысында 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және бірқатар шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Жетісу облысында жаңбыр жауып, таулы аудандарда нөсер мен бұршақ болжанады. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз