Дүйсенбі, 10 Тамыз 2026 г.

$ 469.93
541.64
5.71
  • Алматы
    32°C
    • Астана
      30°C
Ру

Қазақстанда жаңа ордендер пайда болады: Сенат заңды мақұлдады

Фото көзі: : akorda.kz
ZontNews.kz
Мамыр 15, 2026, 8:50 Т.Ж.

Сенат депутаттары мемлекеттік марапаттар жүйесін жаңартуға бағытталған заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжатта жаңа ордендер енгізу, марапаттау тәртібін жетілдіру және қолданыстағы нормаларды нақтылау көзделген, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – мемлекеттік наградалар тізімінің жаңа ордендермен толықтырылуы. Енді елімізде Al-Farabi, Qoja Ahmet Yasaui және «Мейірім» ордендерін тағайындау жоспарланып отыр.

Al-Farabi ордені ғылым, білім, мәдениет және рухани даму саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарға беріледі. Бұл марапат интеллектуалдық еңбек пен мәдени құндылықтарға берілетін жоғары мемлекеттік бағаның белгісі болмақ.

Ал Qoja Ahmet Yasaui ордені мемлекет дамуына үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдарға, қоғам және мемлекет қайраткерлеріне табысталады. Сондай-ақ қоғамдық-саяси, гуманитарлық және ағартушылық салалардағы еңбегі үшін де беріледі. Депутаттардың айтуынша, бұл орден тарихи-рухани сабақтастықты нығайтып, түркі әлемімен мәдени байланыстарды дәріптеуге бағытталған.

«Мейірім» ордені қайырымдылықпен, меценаттық және филантропиялық қызметпен айналысып, қоғамға қолдау көрсеткен азаматтарды марапаттауға арналған. Бұл бастама қоғамдағы жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын күшейтуді көздейді.

Сонымен қатар заңда бір адамға бірдей құрметті атақты қайта беруге тыйым салатын норма енгізілген.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін «Даңқ», «Айбын» ордендерімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттау тәртібі де нақтыланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз