Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      19°C
Ру

Қазақстанда жаңа ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 30, 2026, 10:20 Т.Ж.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бастап, менеджер, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды. Кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасын басқарды, аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры болды.

2025 жылдың қаңтарынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінің директоры қызметін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз