Дүйсенбі, 10 Тамыз 2026 г.

$ 469.93
541.64
5.71
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      32°C
Ру

Қазақстанда транзиттік жүк көліктері көбейді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 10, 2026, 11:26 Т.Ж.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк көліктерінің саны артты. Маусымдық тасымал көлемінің өсуіне байланысты Үкімет шекарадағы көліктерді өткізу үдерісін жеделдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Қазір «Алимбет», «Жайсан» және «Сырым» өткізу бекеттерінің жұмысына ерекше назар аударылып отыр. ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, аталған үш бекет те қазақстандық тараптан тәулік бойы жұмыс істейді.

Үкіметтің хабарлауынша, транзиттік тасымалдардың маусымдық артуына байланысты ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерін уақтылы жаңғыртуға бақылау күшейтілді. Бұл бақылау рәсімдерінен өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл мәселе бойынша кеңесті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налибаев өткізді. Жиынға ҰҚК Шекара қызметінің, Көлік, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» өкілдері қатысты.

Жүк көліктерінің жүргізушілеріне жағдай жасау үшін басым өткізу бекеттерінің маңында сервистік аймақтар салу жоспарланып отыр. Алайда бұл жобаны 2027 жылы аяқтау көзделген.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жедел штабтар құрды. Олар шекарадан көліктердің кедергісіз әрі жылдам өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз