Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      19°C
Ру

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 68 адам суға батып көз жұмды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 27, 2026, 3:50 Т.Қ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 маусымнан бері еліміздің су айдындарында 68 адам, оның ішінде 24 бала суға батып қаза тапқан. Осы кезеңде құтқарушылар 90 адамды, оның ішінде 23 баланы аман алып қалған, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында прокурорлар төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер өткізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарды таңдауға шақырады. Сондай-ақ ата-аналарға балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.

Ведомство бірнеше минуттық бейқамдық орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін айтып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз