Қазақстанда шетелдік науқастар саны артты
2025 жылы Қазақстанда 4488 шетелдік азамат медициналық көмек алды, деп хабарлайды ZontNews.kz Премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрылтай депутаттарына берген жауабына сілтеме жасап.
Шетелдік науқастардың басым бөлігі Алматыда емделген – 2685 адам. Астанада 1396, ал Шымкентте 300 шетелдік азаматқа медициналық қызмет көрсетілді.
Шетелдіктер арасында сұранысқа ие негізгі бағыттар:
-
кардиохирургия;
-
онкология;
-
трансплантология;
-
репродуктивті медицина;
-
ортопедия;
-
офтальмология;
-
стоматология;
-
медициналық оңалту.
Олжас Бектеновтің айтуынша, бірқатар бағыт бойынша қазақстандық мамандардың біліктілігі мен клиникалардың жабдықталуы жетекші шетелдік орталықтардан кем түспейді. Сонымен бірге Қазақстандағы емдеу құны Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Корея және Парсы шығанағы елдерімен салыстырғанда едәуір төмен.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Орталық Азияның бірыңғай медициналық хабы қалыптастырылып жатыр. Елдегі он медициналық ұйым JCI халықаралық аккредитациясына ие: оның жетеуі Астанада, үшеуі Алматыда орналасқан.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз