Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанда оқушылар саны 4,1 миллионнан асады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 1, 2026, 10:22 Т.Ж.

Жаңа оқу жылында Қазақстандағы 8 048 жалпы білім беретін мектепте 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Олардың 380 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Елдегі білім беру ұйымдарының саны жыл сайын артып келеді. 2024–2025 оқу жылында республикада 7 920 мектеп жұмыс істесе, қазір олардың саны 8 048-ге жеткен. Өсім 1,6 пайызды құрады.

2026 жылдың қаңтар–шілде айларында 18 090 оқушыға арналған 32 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен бірге 4 207 орындық 32 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жаңа нысандардың 14 мектебі мен 26 балабақшасы ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Жаңадан ашылған мектептер саны бойынша Түркістан және Атырау облыстары көш бастады. Екі өңірде де бес мектептен пайдалануға берілген. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, ал Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен ашылды.

Бұдан бөлек, жеті айдың ішінде елде тоғыз оқу орталығы жұмысын бастады. Алматыда аумағы 10,6 мың шаршы метрден асатын балалар шығармашылығы орталығы, ал Абай облысында шамамен 9,8 мың шаршы метрлік Оқушылар сарайы ашылды.

Оқу-ағарту министрлігінің болжамынша, 2026–2027 оқу жылында мектеп оқушыларының саны өткен жылмен салыстырғанда 200 мыңнан астам балаға көбейеді. Өткен оқу жылында ел мектептерінде 3,9 миллионнан астам оқушы білім алып, бірінші сыныпқа 363 мыңнан астам бала қабылданған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз