Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстанда мәһрдің ең төменгі шегі қандай?

Фото көзі: Коллаж Ulysmedia.kz
ZontNews.kz
Маусым 30, 2026, 5:30 Т.Қ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) неке қию кезінде берілетін мәһрдің шариғаттағы орны мен ең төменгі мөлшеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

ҚМДБ мәліметінше, мәһр – күйеу жігіттің қалыңдығына өз еркімен беретін шариғи сыйлығы. Ханафи мәзһабы бойынша оның ең төменгі мөлшері 10 дирхамға, яғни шамамен 4,25 грамм алтынның немесе соған тең ақшалай қаражаттың құнына сәйкес келеді.

Діни басқарма мәһрдің көлемі күйеу жігіттің материалдық жағдайына сай белгіленуі тиіс екенін атап өтті. Егер оны толық төлеуге мүмкіндік болмаса, бір бөлігін неке кезінде беріп, қалғанын кейін өтеуге шариғат рұқсат етеді.

Сондай-ақ ҚМДБ некенің негізгі шарттары ретінде екі жақтың өзара келісімін, қыздың ата-анасының ризалығын, куәгерлердің қатысуын, некеге кедергі болатын жағдайлардың болмауын және мәһрдің белгіленуін атады.

Бұған дейін мүфтият қалыңмал қыздың келісімімен мәһр ретінде есептелуі мүмкін екенін, ал «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың ата-анасы мен туыстарына берілетін сыйлықтар мәһрге жатпайтынын мәлімдеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз