Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру жалғасуда

Фото көзі: : Агибай Аяпбергенов/ Kazinform
ZontNews.kz
Қыр. 10, 2026, 9:18 Т.Ж.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Биыл 23 мыңға жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Олардың мыңнан астамы – Алматы қаласының тұрғындары, деп хабарлайды ZontNews.kz. КТК-ға сілтеме жасап. 

Әскер қатарына шақыру туралы хабарлама 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарға 1414 нөмірі арқылы SMS түрінде жіберіледі. Хабарлама алған азаматтар әскери басқармаға келіп, медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қазыбек Шәкіровтің айтуынша, алғашқы медициналық комиссиядан өткен азаматтар жинақтау пунктіне жіберіледі. Онда олардың денсаулығы тағы бір мәрте тексеріліп, әскери қызметке жарамдылары тиісті командалар құрамына енгізіледі.

«18-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушыларға 1414 арқылы SMS-хабарлама жібереміз. Олар әскери басқармаға келіп, медициналық комиссиядан өтеді. Кейін жинақтау пунктінде қайта тексеріледі. Әскерге жарамды деп танылған азаматтар Қазақстанның әр өңіріндегі әскери бөлімдерге жіберіледі», – деді Қазыбек Шәкіров.

Әскери қызметтен жалтарған азаматтарға заң аясында айыппұл салынуы немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Ал мерзімді әскери қызметін адал атқарып, тәртібі мен қабілетін көрсете білген сарбаздарға мемлекеттік білім грантын иелену мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ олардың несие төлемдері 14 айға дейін кейінге шегеріледі.

Әскерге өз еркімен баруға ниетті жастардың бірі – Рауан Ерланбайұлы. Ол шақыруды алғаннан кейін бірден әскери басқармаға барып, медициналық комиссиядан өткен.

«18 жасқа екі ай бұрын толдым. Шақыруды күтіп жүрдім. Хабарлама келген бойда әскери басқармаға бардым. Тексеруден өтіп, кешке Астанаға пойызбен аттанамыз. Жақындарым шығарып салуға вокзалға келеді», – деді ол.

Алматыдағы жинақтау пунктіне қаланың әр ауданынан келген сарбаздар жиналған. Медициналық бақылаудан өткен 45 жас жақындарымен қоштасқаннан кейін Астана қаласына аттанады. Олар алдағы бір жыл бойы Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз