Қазақстанда ет бағасы өсіп жатыр: Үкімет нарықты талдауға кірісті
Қазақстанда ет бағасының өсуіне байланысты Үкімет нарыққа жан-жақты талдау жүргізіп, тиісті шаралар әзірлемек, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, шілде айының алғашқы үш аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жыл басынан бері алғаш рет 0,1%-ға төмендеген. Алайда қой еті (+2%), жылқы еті (+1,3%) және тартылған ет (+0,6%) қымбаттай түскен.
Министр Серік Жұманғарин өндіріс көлемі, ішкі тұтыну және экспортты ескере отырып, ет және ет өнімдері нарығына кешенді талдау жүргізуді тапсырды.
Бағаны тұрақтандыру үшін Үкімет ішкі өндірісті ұлғайтуды, отандық өндірушілерді қолдауды, жаңа күнбағыс майы зауыттарын іске қосуды және нан өндірушілерге электр энергиясына жеңілдетілген тариф енгізуді жоспарлап отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз