Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Қазақстанда экономикалық қылмыскерлердің ашық тізімі жарияланады

Фото көзі: : Halyq Uni
ZontNews.kz
Мамыр 12, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстанда экономикалық қылмыс жасаған адамдар мен компаниялардың арнайы цифрлық реестрі пайда болады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, экономикалық құқықбұзушылықтар үшін сотталған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат Экономикалық тергеу қызметінің сайтында жарияланып, тоқсан сайын жаңартылып отырады.

Реестрге тек соттың заңды күшіне енген үкімімен кінәлі деп танылған тұлғалар енгізіледі. Онда адамның аты-жөні, туған күні, Қылмыстық кодекстің бабы, тергеу жүргізген орган, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар компания атауы мен БСН көрсетіледі. Егер іс қаржы пирамидасына қатысты болса, жоба атауы да жарияланады.

Тізімнен адам соттылығы жойылған немесе өтелген жағдайда, қайтыс болғанда, әрекетке қабілетсіз деп танылғанда немесе компания таратылған кезде ғана шығарылады.

ҚМА мәліметінше, бұл жүйе қоғам мен бизнесті экономикалық тәуекелдер туралы алдын ала хабардар ету мақсатында енгізіліп отыр.

Сонымен қатар Қазақстанда қарызы бар азаматтарға арналған жаңа реттеу тетіктері де енгізіледі. Енді бірнеше банк пен микроқаржы ұйымына берешегі бар адамдар электрондық платформа арқылы қарыздарын ұжымдық түрде қайта құрылымдай алады.

Жаңа ережелер төлем мерзімін өткізіп алған азаматтарға қатысты болады. Олар төлемді кейінге қалдыру, ай сайынғы соманы азайту, мерзімді ұзарту немесе пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы өтініш бере алады.

Маңызды өзгерістердің бірі – өтініш қаралып жатқан кезде кредитор қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу немесе сотқа жүгіну шараларын қолдана алмайды.

Сондай-ақ әскери қызметке шақырылған азаматтарға негізгі қарыз бен пайыздар бойынша уақытша жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз