Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанда ауа райы бұзылады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 16, 2026, 3:32 Т.Қ.

16 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен көптеген өңірде ауа райы ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Ал батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктер республика бойынша желдің күшейетінін ескертті. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Мұндай қауіп Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында болжанып отыр.

Ал төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Абай, Жетісу, Атырау және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз