Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

Қазақстанда 9 мың грантқа өтінім қабылдау басталады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 11, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстанда 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ZontNews.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама аясында 9 мыңға жуық азаматқа қайтарымсыз грант беріледі. Бір реттік төлем мөлшері 400 АЕК, яғни 1 730 000 теңгені құрайды. Әр қатысушы грантты тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін үміткерлер Business.enbek.kz порталында тіркеліп, бизнес-жоспар дайындап, оны электронды цифрлық қолтаңба арқылы растауы қажет.

Грантқа ресми тіркелген жұмыссыз азаматтар және тіркеуі бір жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлер үміткер бола алады. Сонымен қатар қатысушылардың «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен өткенін растайтын сертификаты болуы және әлеуметтік осал топтардың біріне жатуы тиіс.

Грант қаражатын бизнес ашуға қажетті құрал-жабдық, техника, мал, тұқым немесе жалға алу шығындарына жұмсауға болады. Ал қаражатты жеке қажеттілікке, несие жабуға, жылжымайтын мүлік пен қаржылық активтер сатып алуға пайдалануға тыйым салынады.

Гранттар конкурс негізінде беріледі, үміткерлер өз жобаларын комиссия алдында қорғауы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз