Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. 2026 жылдың соңына дейін 18-ден 27 жасқа дейінгі шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке жіберіледі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Олардың ішінде 12 мыңнан астамы - Қарулы күштерге, 7 мыңы - Ұлттық ұланға, 3 мыңы - ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ден астамы Төтенше жағдайлар министрлігіне және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданады.
Әскерге шақырудың басым бөлігі «Цифрлық шақыру» және «Smart военкомат» жүйелері арқылы проактивті форматта жүргізіледі. Әскери есепке қатысты ақпарат азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы қолжетімді.
Қорғаныс министрлігі сарбаздарға әскери мамандықтармен қатар, 20-ға жуық сұранысқа ие жұмысшы кәсібін тегін меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге әскери қызмет кезінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай, мемлекеттік грантпен ЖОО-ға түсу мүмкіндігі қарастырылған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз