Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанда 200-ден астам мамандық ашылады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 8, 2026, 12:27 Т.Қ.

Қазақстанда технологиялық өзгерістерге байланысты 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның Жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілігі индексіндегі көрсеткіші жақсарған. Кәсіби және техникалық дағдылар деңгейі бойынша еліміз 39 сатыға көтеріліп, 122-орыннан 83-орынға жайғасқан.

«Жаһандық технологиялық өзгерістер мамандықтар құрылымына да әсер етеді. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа мамандық пайда болып, 100-ге жуық мамандық өзгереді. Ал 125 мамандыққа сұраныс төмендейді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның сөзінше, еңбек нарығындағы мұндай өзгерістер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктейді. Осыған байланысты мамандар даярлау үдерісін технологиялық жаңғыруларға алдын ала бейімдеу қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз