Қазақстан әуежайларында биометриялық жүйе енгізіледі
Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жоспарын жариялады. Алғашқы пилоттық бағыт ретінде Астана – Шымкент рейсі қарастырылып отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Министр Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, әуежайларда іске қосылып жатқан Q-Gate цифрлық жүйесі бақылау уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Биыл Астана мен Алматыдағы 16 терминалға қосымша Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларында тағы 16 терминал орнатылады.
Жаңа пилоттық жоба аясында жолаушыларды биометриялық деректер арқылы сәйкестендіру тестіленеді. Негізгі параметрлер ретінде саусақ ізі мен көздің тор қабығы қолданылуы мүмкін. Бұл жүйе болашақта құжат көрсетуді ішінара алмастыруы ықтимал.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз