Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      19°C
Ру

Қазақстан су тұтыну бойынша ТОП-15-ке енді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 19, 2026, 3:08 Т.Қ.

Орталық Азия елдері жан басына шаққандағы су тұтыну көлемі ең жоғары мемлекеттердің қатарына енді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

The Times of Central Asia басылымының мәліметінше, бір адамға шаққандағы тәуліктік су тұтыну бойынша әлемде бірінші орында Түрікменстан тұр. Ел жылына 27,9 млрд текше метр су пайдаланады. Мамандар мұны суармалы егіншілік пен ескі ирригациялық жүйелермен байланыстырады.

Рейтингте Өзбекстан төртінші орында болса, одан кейін Тәжікстан мен Қырғызстан орналасқан. Қазақстан бұл тізімде 13-орынға жайғасып, Финляндия мен Жаңа Зеландияның арасына енген.

Басылым дерегінше, Қазақстанда 2002–2017 жылдар аралығында жаңартылатын су ресурстары айтарлықтай азайған. Осы кезеңде жан басына шаққандағы су қоры 7,1 мың текше метрден 5,9 мың текше метрге дейін төмендеген.

Сарапшылардың айтуынша, өңірдегі басты мәселе – су көп қажет ететін ауыл шаруашылығы мен тозған суару жүйелері. Соның салдарынан судың едәуір бөлігі егістікке жетпей жоғалады.

Сонымен қатар БҰҰ агенттіктерінің мәліметі бойынша, Қазақстанда таза ауызсуға қол жеткізе алмай отырған адамдар саны да артып келеді.

Жақында премьер-министр Олжас Бектенов биыл елдің оңтүстігінде су тапшылығы қайта туындайтынын мәлімдеген болатын. Қазірдің өзінде диқандар су жетіспеушілігіне шағымдануда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз