Қазақстан Ресей мұнайын өңдеу мәселесін талқылап жатыр
Қазақстан Ресей мұнайын отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу жөнінде Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр. Өңделген мұнай өнімдерін ішкі нарықта сату және бір бөлігін Ресейге экспорттау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл бастама қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатын тұрақты жүктеуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.
Әзірге өңделетін мұнай көлемі, ынтымақтастық шарттары және жобаға қатысатын нақты мұнай өңдеу зауыттары жарияланған жоқ. Министрлік өнімді жөнелту бағыттарын нарық қатысушылары өздері айқындайтынын мәлімдеді.
Келіссөздер Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай тапшылығы байқалған кезеңде өтіп жатыр. Бұған дейін украиналық дрондардың шабуылынан Ресейдегі бірнеше мұнай өңдеу зауыты, оның ішінде Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Омбы мұнай өңдеу зауыты зардап шеккен болатын.
Қазақстан әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 2 пайызын қамтамасыз етеді және соңғы уақытта Ресейге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттай бастады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз