Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді: министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігі биылғы соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шараларының қалай өтетініне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ведомство мәліметінше, 2025–2026 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Осыған байланысты мектептерде дәстүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Министрліктің хабарлауынша, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінің форматын әр мектеп өз бетінше анықтайды. Сонымен қатар білім ошақтарында қалыптасқан дәстүрлер сақталады.
Атап айтқанда, мектеп пен ұстаздарға алғыс айту, өлең оқу, ән орындау және түлектер вальсі секілді дәстүрлі бағдарламалар жалғасады.
Сондай-ақ еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай “Білім – Отаныма!” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз