Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      18°C
Ру

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін халықаралық несие алады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 29, 2026, 12:20 Т.Қ.

Қазақстан бюджет тапшылығын қаржыландыру және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алады. Тиісті заңды Сенат депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 млрд жапон иені (шамамен 277 млрд теңге) көлемінде несие алады. Қарызды өтеу мерзімі – 11 жыл, оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі ретінде қарастырылған.

Несие бойынша бір реттік комиссия қарыз сомасының 0,25 пайызын құрайды. Сондай-ақ пайдаланылмаған қаражатқа жыл сайын 0,25 пайыз көлемінде комиссия есептеледі. Қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де 62,4 млрд жапон иені немесе шамамен 187 млрд теңге көлемінде тағы бір несие тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат та республикалық бюджет тапшылығын жабуға және Үкімет жүргізіп жатқан реформаларды қолдауға бағытталады.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, несие жаңа жобаларды іске асыру үшін емес, энергетика саласын жаңғырту, цифрлық қаржы нарығындағы бәсекелестікті дамыту және әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы реформаларды жалғастыру мақсатында алынады.

Бұған дейін Қазақстан осыған ұқсас халықаралық несиелерді 2024 жылы да тартқан болатын. Ол қаражат та бюджет тапшылығын жабуға және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға жұмсалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз