Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 19, 2026, 10:15 Т.Ж.

Қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) алтын медаль жеңіп алды. Дүбірлі дода Словакияның Братислава қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Қалмағамбетов финалға жеткенше төрт қарсыласын тізе бүктірді.

Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық спортшы беларусьтік Михаил Марковскиймен күш сынасты. Нәтижелі әрі тартысты белдесу 13:7 есебімен Қалмағамбетовтің пайдасына аяқталды.

Осы жеңістің арқасында 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов U20 санатында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның алтын жүлдесі Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы медалі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз