Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

ІІМ: Шомылу маусымында 69 бала көз жұмды

Фото көзі: : Ақмола облысы ТЖД видеосынан кадр
ZontNews.kz
Шілде 16, 2026, 12:40 Т.Қ.

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы суға батып 69 бала қаза тапты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы ZontNews.kz. Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған, арнайы жабдықталмаған су айдындарында болған. Көп жағдайда балалар су түбі тексерілмеген, ағысы қатты әрі иірімі бар жерлерде шомылған.

Сондай-ақ ІІМ ересектердің демалыс кезінде алкогольдік ішімдік тұтынуы да балалардың қараусыз қалып, қайғылы жағдайларға ұшырауына себеп болып отырғанын атап өтті.

Министрлік тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс су айдындарында жүзудің қауіпті екенін түсіндіруге шақырды. Сонымен қатар аптап ыстықтан кейін бірден салқын суға түсу денсаулыққа қауіп төндіріп, қан тамырларының түйілуі мен бұлшық еттің құрысуына әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз