Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды
Талғар аудандық соты «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сот шешімімен Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Сайлау Ақтанов 8 жыл 6 айға, Данияр Асқаров пен Руслан Әлиев 8 жылға, Мадияр Қалымжанов 9 жыл 6 айға, ал Нұрмұхамет Сұлтанбеков 22 жылға сотталды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Қасымбаев сотта өзіне тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан жасалғанын айтты.
«Менің кінәмді дәлелдейтін нақты айғақ жоқ. Бұл іс халықты тыныштандыру үшін ойдан шығарылған. Әділдік – біреуді жазалау емес, шындықты табу», – деген ол соңғы сөзінде.
Айыпталушылар адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру баптары бойынша жауапқа тартылды.
2024 жылғы 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Полаттың өлімінен кейін «Хутор» деп аталатын ұйымдасқан топтың бар екені және оны Хасан Қасымбаев басқарғаны туралы ақпарат тараған.
Қасымбаев пен оның серіктері бұл айыптауларды негізсіз деп атаған.
Сондай-ақ 2024 жылғы 15 қазанда Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Аслан Қасымбаевтың жұмыстан кеткені хабарланған. Ресми мәліметке сай, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев атышулы «Қорғас ісі» бойынша куәгерді өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз