Грант иегерлері 10 тамызға дейін белгілі болады
Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны 20 маусым мен 25 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, биылғы білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Талапкерлер үшін негізгі мерзімдер төмендегідей:
– Негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады;
– ЖОО-ларға құжат қабылдау 20 маусым – 25 тамыз аралығында жүргізіледі;
– «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» бағыттарына түсушілерге арналған арнайы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өтеді. Грант конкурсына қатысу үшін емтиханды 20 шілдеге дейін тапсыру қажет;
– Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусым – 10 тамыз аралығында қабылданады. Грант конкурсына қатысу үшін 7 шілдеге дейін өтініш беру керек.
Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге жоғары оқу орындарының ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларындағы ақпаратты нақтылап отыруды ұсынды.
Айта кетейік, биыл еліміз бойынша негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкер өтініш берген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз