Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      22°C
Ру

Ескі 2 000 теңге айналымнан шығады

Фото көзі: : ҚР ҰБ
ZontNews.kz
Маусым 22, 2026, 12:30 Т.Қ.

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2012 жылғы үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттардың ресми айналымы тоқтатылады. Осы күннен кейін ескі үлгідегі купюралар дүкендерде, кафелерде және басқа да сауда орындарында төлем құралы ретінде қабылданбайды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, 2012 жылғы және жаңа үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу мерзімі 24 маусымда аяқталады. Сондықтан азаматтар мен кәсіпкерлер қолындағы ескі банкноттарды осы уақытқа дейін пайдаланып немесе жаңасына айырбастап үлгеруі қажет.

Айналымнан шығарылғаннан кейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» 2012 жылғы үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттарды тағы үш жыл бойы жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайды. Ал Ұлттық банктің филиалдарында мұндай банкноттарды айырбастау мерзімсіз жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкнотты да осы кезеңде айналымнан шығару жоспарланған болатын. Алайда Ұлттық банк банк жүйесіне түсетін жүктемені азайту мақсатында оның айналым мерзімін 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз