Жексенбі, 22 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    4°C
    • Астана
      -5°C
Ру

Ерлан Саиров: Шетелдегі жылжымайтын мүлік заңдылығы тексерілуі тиіс

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 4, 2026, 4:20 Т.Қ.
0
14

Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров кейбір қазақстандықтардың шетелден жылжымайтын мүлік сатып алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай активтердің заңды жолмен алынған-алынбағанын құзырлы органдар тексеруі қажет, ZontNews.kz.

Бұған дейін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Дубайдағы зымыран түскен ғимаратта Қазақстан азаматтарының пәтерлері бар деген ақпарат тараған еді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, аталған нысанда 96 қазақстандықтың жылжымайтын мүлкі бар деген болжам айтылған. Сонымен қатар пәтерлердің бірі Сенаттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлына тиесілі болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл мәселеге байланысты сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев та пікір білдірген болатын.

Ерлан Саировтың сөзінше, егер шетелдегі мүлік бұрын жоғары мемлекеттік қызметтер атқарған тұлғаларға немесе олардың туыстарына тиесілі болса, оның қалай және қандай қаражатқа сатып алынғаны жан-жақты зерттелуі тиіс.

Депутат мемлекеттік қызмет атқарған азаматтардың кейін басқа елге қоныс аударып, сол жақта тұрақты тұруына да моральдық тұрғыдан баға берді. Оның пікірінше, елде жауапты қызмет істеп, кейін шетелге кету қоғам тарапынан түрлі сұрақ тудыруы мүмкін. Осыған байланысты ол ашықтық пен заң талаптарының сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз