Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» басқару құрамынан кетті
Бүгін, 02 сәуір 2026 жылы, Ерболат Асқарбекұлы Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды ZontNews.kz, Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, қордың басқару органының құрамын өзгерту туралы шешімді 2026 жылғы 25 наурызда жалғыз акционер қабылдаған.
Қазіргі уақытта директорлар кеңесінде алты адам бар: Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи.
Айта кетейік, 25 наурызда Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылған болатын. Ол бұл қызметке 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесіне Досаев былтыр желтоқсанда кірген болатын.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз