ЕО-ның алты елі санкцияларды қайта қарауды сұрады
Еуроодаққа мүше алты мемлекет Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетіне енгізілген жекелеген шектеулерден босатуды немесе оларды толықтай бұғаттауды талап етті, деп хабарлайды ZontNews.kz. РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Financial Times басылымының мәліметінше, Грекия, Франция, Италия, Германия, Австрия және Португалия ұсынылған санкциялардың кейбір тармақтарына қарсы шыққан.
Атап айтқанда, Франция мен Италия ресейлік әскери қызметкерлерге қатысты визалық шектеулерді жеңілдетуді ұсынса, Германия мен Португалия Ресейден балық өнімдерін импорттауға тыйым салуды алып тастауды талап еткен. Австрия Ресей активтеріндегі екі миллиард еуроны бұғаттаудан босатуды сұраса, Грекия үшінші елдерге сұйытылған табиғи газ жеткізуге қатысты шектеулерге қарсы болған.
Басылымның хабарлауынша, осыған байланысты Еуропалық комиссия санкциялардың 21-пакетіндегі жекелеген ережелерді қайта қарастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Ал Ресей билігі бұған дейін де санкциялық қысымға төтеп бере алатынын бірнеше рет мәлімдеген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз