Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      14°C
Ру

Елордада әскерилерді ЖИ арқылы бақылайды

Фото көзі: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы
ZontNews.kz
Сәуір 9, 2026, 4:18 Т.Қ.
0
20

Елордадағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшілердің агрессиясын анықтай алатын жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ұлттық ұланға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының ресми сайтында хабарланғандай, 5573 әскери бөлімінде пилоттық режимде ЖИ-мен жабдықталған бейнебақылау жүйесі орнатылған. Жүйе қолданыстағы камералармен біріктіріліп, тәулік бойы үздіксіз бейнеағынды талдайды.

Мәліметке сәйкес, жүйе әскери қызметшілердің күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекеттерін және эмоциялық жағдайын сараптай алады. Осылайша, ол тек бейнені тіркеп қана қоймай, күмәнді мінез-құлық белгілерін де анықтайды.

«Егер әскери қызметшінің әрекеттерінен агрессия белгілері байқалса, жасанды интеллект жүйесі бөлім командирлеріне, тәрбиешілерге және психологтарға мессенджерлер арқылы тиісті хабарлама жібереді. Бұл қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сонымен қатар, бейнематериалдар арнайы платформада сақталады. Егер жүйе тиімділігін дәлелдесе, оны басқа әскери бөлімдерде де енгізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз