Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.85
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      21°C
Ру

Эльдар Толғанбаев Президент көмекшісі атанды

Фото көзі: : primeminister.kz
ZontNews.kz
Қыр. 9, 2026, 9:15 Т.Ж.

Эльдар Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Дінмұхамед Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы қызметінен бастаған. Кейін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-министр кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығында еңбек етті.

2012–2016 жылдары Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары, ал 2016–2019 жылдары Мәжіліс төрағасының кеңесшісі болды.

Әр жылдары Алматы қаласын дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары, «Almaty» телерадиокомпаниясы бас директорының бірінші орынбасары және Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды. Кейін Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне ауысты. 2024 жылдан бері Үкімет аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қариннің өкілеттіктерін нақтылаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз